Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басты тапсырмасы астана аумағында және табиғи аймақта мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу, сондай-ақ қала аумағының баланстық дамуын қамтамасыз ету үшін қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу болып табылады. Қазақстанның жас астанасы Астана қаласы керемет сәулет-қала құрылысы феномендерінің қатарына жатады. Оның кереметтігі қаланың жаңа, қызу даму санатына жататындығында, жобалау мен құрылысы жаңа жүзжылдық талабы мен стандарттарына сәйкес қала құрылысы шешімдерінің ізденісін орнату мақсатын жүргізеді. Жаңа қаланың құрылысы жаңа жүзжылдықтың шарттары мен талаптарына сай қала құрылысының жаңашылдығы мен шығармашылық ізденістер үшін мүмкіндік ашады. Астана қабылдаудың көлемді құрылыс полигонына және Елбасы қабылдаған елорданы ауыстыру туралы шешімінің арқасында жаңа қала құрлысы қағидалары мен қабылдауларының ізденісіне айналды.Мемлекет елордасын ауыстырудың өзі – бірегей және сирек кездесетін жаңалық еді.
Астана құрылысын салудың соңғы жылдардағы тәжірибесі біздің Қазақстанның жаңа астанасының дамуына қала құрылысы мәселелерін шешуге деген шығармашылық ізденістеріміз бен тәжірибелік әрекетіміз тек сәулетшілер мен қала құрылысын салушылардың ғана емес, барлық қала шаруашылығындағы жоспарлау мен басқарушы мамандардың да қызығушылығын тудырады деп ойлаймын. Бүгінгі күні барша сәулетшілер мен қала құрлысын салушылардың алдында жаңа, күрделі және жауапты тапсырма тұр, ол-Астана тек Қазақстан Республикасының астаналық орталығы ғана емес, экономикалық, мәдени, саяси, рухани, білімді және Орта Азиялық аймақ пен Еуразиялық кеңістікте ғылыми-техникалық өзара қатынастағы деңгейге жетуге тиісті. Бұл намысты шақыратын, алайда нақты әрі жетістікке жететін мақсат. Осындай жаңа талаптар мен мүмкіндіктер ішінен сәулетшілер қала дамуының бас жоспарына түзетулер енгізді. 2011 жылдың 30 шілдесінде 2030-ға дейінгі Астана қаласы дамуының бас жоспарын түзету Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Елорда дамуындағы осы кезеңнің ерекшелігі алдағы халықаралық тәжірибені зерттеу мен талдауға сүйенетін қаланы жобалаудың жаңа ғылыми-негізделген нормативтік базасына өту болып табылады. Қаланың мәдени, ғылыми-техникалық, білімді, зияткерлік және индустриалды-инновациялық әлеуетін көтеретін құрылыс объектілеріне ерекше мән беріледі.
Жаңа кезеңдегі назардың басымдығы денсаулық сақтау, физикалық мәдениет және халықаралық деңгейдегі спорт объектілерінің желісін қалыптастыруға бөлінетін болады. Біздің қаламыз қатал климатты және табиғи ландшафты аймақта орналасқан. Сол себептен де, біз қаланың гүлдену мәселесіне, қала тұрғындары мен елорда қонақтарының демалуы мен бос уақытын өткізуді халықаралық стандарттарға сай деңгейде ұйымдастыруға ерекше мән береміз. Астанадағы әзірленген бағдарламаларға сәйкес «жасыл белдік» құру жобасын, саябақ, саяжол, заманауи сауда-ойын-сауық орталықтары желісін салу іске асырылуда. Жаңа қаланың құрылысы мен жобалауға, оның ішінде жас мемлекетіміздің жаңа астанасы сияқты керемет мега жобаларды іске асыруға қатысу әр сәулетшіге беріле бермейтін мәртебе. Бізге, яғни қазақстандық сәулетшілерге тағдыр осындай тамаша мүмкіндікті сыйлады, сол үшін біз қолымыздан келгенше Қазастанның астанасының әлемдік әсем қалалардың бірі саналатындай деңгейге жетуіне күшімізді сала отырып, барлығын жасаймыз.
Басшы
Астана. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен төртінші шақырылымдағы парламент мәжілісін таратты.